«Best cover Kostanay» облыстық cover-вокал байқауы

«Best cover Kostanay» облыстық cover-вокал байқауы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 қарашасында Федоров ауданы, «Жастар» мәдениет үйінде «Best cover Kostanay» облыстық cover-вокал байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: қазақ әндерін негізгі әуенін және авторлық құқықты бұзбай заманауи бағытта жаңашалап орындау. Қазақ халық әндерін немесе Тобыл-Торғай сазгерлерінің әндерін «cover» нұсқада  насихаттау. Шығармашыл, өнерлі, талантты жастарды қолдау. Өлкеміздің сазгерлерін, ақындарын таныту.

Байқаудың қазылар алқасының мүшелері: әнші, композитор Азамат Абдрахиев (Астана қаласы); «Композиторлар одағы» Қостанай облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Мұқатов (Қостанай қаласы); әнші Динара Жаңаберген (Астана қаласы).

«Best cover Kostanay» облыстық cover-вокал байқауына Науырзым, Федоров, Қостанай, Б. Майлин, Жітіқара, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл, Қамысты аудандарынан, Тобыл, Қостанай қалаларынан барлығы 13 үміткер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі болғандар: 1 орын – Тобылұлы Азат (Меңдіқара ауданы) 300 мың теңге сыйақы; 2 орын – Әжібай Тасқын (Федоров ауданы) 200 мың теңге сыйақы; 3 орын – Жалғас Бекзат (Тобыл қаласы), Абықан Серікболсын (Алтынсарин ауданы) 150 мың теңге сыйақы.