Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолындағы қол жеткен табыстарымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Нарықтық қоғамның қиындықтарына мойымай, ата кәсібіміз - ауыл шаруашылығын қайта өрлете отырып, аудан экономикасының дамуына өздеріңіздің зор үлестеріңізді қосып келесіздер.

Ауыл шаруашылығы саласы тамақ өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы шикізаттарын беру арқылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, олардың өмір сүру жағдайы мен сапасын реттеп келеді. ​Ұзақ жылдар еселі еңбек етіп келе жатырған сіздер әлі де алда болып, еліміздегі ауыл шаруашылық саласын өркендетудегі саликалы саясатты ойдағыдай жүзеге асырып, халықтың хал-ахуалының жақсаруына зор үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге сеніміміз мол.

Алдын ала есептеулер бойынша жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 36 млрд. 252 млн. теңге немесе 2021 жылдың деңгейіне қарағанда өсім 166% - ды құрап отыр. Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып, тер төккен баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

Құрметті сала қызметкерлері!

Бар өмірін туған жердің дамуына арнап жүрген сіздерге ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына үлестеріңізді қосып, табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін! Өңіріміздің дамуы мен шаруашылықтың шыңдалуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Аудан әкімі       Қ. Мыржақыпов