Бейбітшілік пен келісім саясаты

Бейбітшілік пен келісім саясаты

6 қазан күні орталық аудандық  кітапхананың оқу залында кітапхана қызметкерлері «Бейбітшілік пен келісім саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға  аудан  жастары, мәдениет қызметкерлері және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан бүкіл әлемге өзінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімімен танымал. Бірлік, татулық, келісім саясаты – дамудың бірден-бір басты, маңызды  бағыты!

Қатысушылар тарапынан  түрлі ұлт пен дін өкілдерінің жан дүниесіне деген өзара түсіністік пен сенім, ортақ шаңырағымызда бейбітшілікті сақтау туралы әңгіме өрбіді.

Отырыстың  соңында жиналғандар еліміз көпұлтты, мәдениеті бай  екенін айта кете, Тәуелсіз елдің перзенттері ретінде бірігіп, бейбітшілікті қастерлеуіміз керек деген пікір айтты.

 Бейбітшілік пен келісім – алтын байлығымыз, оны қорғап, сақтау бізідің міндетіміз!