Қазан айының басындағы мереке – Қарттар күнін ерекше атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн құрметке лайық, даналықтары мол, төзімді жандарға арналған.
Қарттар күні – жарқын мереке, ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке қоғамды ғана емес, қамқорлық пен ілтипатты қажет ететін адамдардың бар екенін еске салады. Бұл күні өткізілетін мерекелік іс-шаралар егде жастағы адамдарға жандарына жәй тауып демалуға, қарым-қатынас жасауға, ал біреуге жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді.
Мереке қарсаңында, 29 қыркүйек күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті. Мәдениет үйінің фойесінде аудан орталығы мен ауылдық округтердегі зейнеткерлердің қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Аудан әкімі мерекелік шараға жиналған барша қауымды құттықтады. Қайсар Мыржақыпов өз сөзінде ардагерлерге әскери және еңбек ерліктері, республиканың, ауданның, туған ауылдың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, мейірім мен ұзақ ғұмыр тіледі. Батыр аналарға және ауданның ең белсенді зейнеткерлеріне Алғыс хаттар табыстады.
Ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс сөзбен аудан ардагерлері кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова да сөз сөйледі. Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының өнері көрермендердің көңілінен шықты. Көрермендер Гаухар Асанова, Таңатқан Жүрсін, Александр Кузьминых, Айман Зыбалевалардың және «Даймондс» хореографиялық ансамблінің өнерлерін, «Әйет» фольклорлық тобының өнерін жылулықпен қарсы алды. Көрермендерге мерекелік бағдарлама жағымды әсер қалдырып, керемет көңіл сыйлады.