Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті теміржол көлігі қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздердің еңбектеріңіз үлкен жауапкершілік пен қауіп-қатермен тікелей байланысты. Себебі жүргізушілер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты. Теміржол көлігі жұмысының тиімділігі бірінші кезекте саланың барлық қызметкерлерінің жоғары білікті еңбегімен қамтамасыз етіледі. Біздің ауданда бұл саланы Республикалық маңызы бар ірі темір жол тораптарының бірі – Тобыл станциясы білдіруде.

Теміржол – ел экономикасының күретамыры. Бүгінде теміржол саласы қызметкерлері мен  жұмысшыларының Қазақстан экономикасының игілігіне қосып отырған баға жетпес үлесі және қажырлы еңбегі ерекше. Сонымен бірге, теміржолшылардың мойынына үлкен жауапкершілік те жүктеледі.

Құрметті теміржолшылар!

Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз. Осы мерекелі күнде сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз!

Аудан әкімі   Қ. Мыржақыпов