Референдум 2022: ауданның қоғамдық штабы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Референдум 2022: ауданның қоғамдық штабы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

19 мамырда Береговой ОШ педагогикалық құрамы арасында ҚР Конституциясына түзетулер бойынша референдум өткізу бойынша қоғамдық штаб мүшесінің кездесуі өтті. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған түзетулер түсіндірілді. Еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды кезең болып табылады. Конституциялық реформалар мәселелері мемлекеттік құрылыстың негізгі қағидаттары мен барлық азаматтардың мүдделерін қозғайды.

Қатысушылар ұсынылған жаңа енгізілімдерге талдау жасады, конституциялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін талқылады.