Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты хабарлайды:

ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 743 «Қостанай облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына байланысты Қостанай облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы шешім қабылдады (2022 жылғы 10 қаңтардағы № 2 хаттама):

  1. Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс төтенше жағдай аяқталғанға дейін 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. 2022 жылдың 14 қаңтары төтенше жағдай кезеңіне түскеніне байланысты Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидаттар бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі тоғыз күнге ұзартылсын.

       Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін өткізілсін.

  1. Барлық келіп түскен құжаттар талқыланатын және кандидаттармен әңгімелесу өтетін жұмыс тобы отырысының күні 2022 жылғы 4 ақпанға ауыстырылсын (уақыты сағат 15.00-де, нақтылануы мүмкін).

Пошталық мекенжайы: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көш.60, № 52 каб., жұмыс телефондары: 8(71436) 3-64-24, 4-90-31, 3-72-29.

Электрондық поштаның мекенжайы: tar-maslihat@mail.ru

Жұмыс тәртібі: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін,  сенбі, жексенбі демалыс күндер.

 «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне ұсынылатын кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болмауы тиіс;

3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды мемлекеттік органның немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы талап етуіне ұсынады.

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайда.

Ұсыныстар мен өтініштердің үлгілері (ворд).

Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық Кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы өтініш

Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ұсыныс

Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық Кеңесінің құрамына кандидатураны ұсынуға келісім