Бейімбет Майлин ауданында жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer вакцинасын егу басталды

Бейімбет Майлин ауданында жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer вакцинасын егу басталды

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау басталды. Бұл аймаққа ДДСҰ жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді (16-37 апта) және емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін мақұлдаған американдық Pfizer вакцинасы кірді. Тобыл кентінің медициналық амбулаториясында вакцинаны бірінші болып жасөспірімдер (ата-анасының жазбаша келісімімен) және бала емізетін әйелдер алды. Вакцинациядан бұрын барлық жасөспірімдер дәрігердің қарауынан өтті. Вакцинациядан кейін олар 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болды. Барлық процедуралар кезінде олардың ата-аналары балалардың жанында болды.