Қазақстан санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстан санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы"Қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері "Қазақстан Республикасында "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакцинасымен халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу " әдістемелік ұсынымдарын (әдістемелік ұсынымдар) бекітті. Облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне: 1) 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирустық инфекцияға (КВИ) қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіру; 2) бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.