Аудан прокуратурасы жанындағы мобильді топ мүшелерінің, сондай -ақ бизнес өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік қызмет саласындағы проблемалық мәселелер бойынша дөңгелек үстел.

Аудан прокуратурасы жанындағы мобильді топ мүшелерінің, сондай -ақ бизнес өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік қызмет саласындағы проблемалық мәселелер бойынша дөңгелек үстел.

2021 жылдың 24 қыркүйегінде Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасымен аудан прокуратурасы жанындағы мобильді топ мүшелерінің, сондай-ақ бизнес өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар орын алған проблемалық мәселелерді, оның ішінде мониторингтік топтар жұмысының жаңа алгоритмін талқылады.

Сонымен қатар, аудан прокуроры кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін түрлі тәсілдер қабылданып жатқанын атап өтті. Мобильдік топтар құрылып жатыр, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі call-орталықтың нөмірлері әлеуметтік желілерде, баннерлерде, сондай-ақ прокуратура органдары мен аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында таратылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аудан прокуроры барлық кәсіпкерлерге өзара тығыз іс-қимыл жасау қажеттілігі туралы сөз қозғады, өйткені олардың қатысуынсыз кәсіпкерлер құқықтарының көптеген бұзушылықтары назардан тыс қалады және прокуратура органдары олардың қызметіне мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуы кезінде көмек көрсету мүмкіндігінен айырылады.

Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда олар аудандық прокуратураның жанындағы мобильді топқа мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Әйет ауылы, Бейімбет Майлин көшесі, 47; 3-72-39, 3-62-04, сондай-ақ +7-707-203-86-75.

Аудан прокуратурасы

Бейімбет Майлин