Ананың махаббатымен- әлем әдемі

Ананың махаббатымен- әлем әдемі

Ананың махаббатымен- әлем әдемі

Аналар күні-әлемнің ондаған елінде кең таралған және танымал мереке, бірақ ол әр халықтың дәстүрі мен мәдениетіне сәйкес әр түрлі күндерде атап өтіледі. Қазақстанда мереке әйел-ананы, отбасын сақтаушыны көпғасырлық құрметтеудің табиғи жалғасы болды және ол жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

22 қыркүйек күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде "Ананың махаббатымен- әлем әдемі” атты іс-шара өтті. Мерекені "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Үміт – 2050" қоғамдық қоры мен Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі ұйымдастырды.

Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова ашып, аудан басшысының және жеке өзінің атынан мерекеге қатысқан барлық әйелдер қауымын Аналар күнімен құттықтады.

- Ана-онымен мәңгі бірге болған адамның санасындағы ең алғашқы жарқын бейне болып қала береді. Аналарымыздың мейірімді қолдары тек балалық шақта ғана емес, әрбір кезде қолдау көрсететін адамдардың барлығы үшін үлкен бақыт.  Біз қаншалықты ересек және тәуелсіз болсақ та, аналарамыз бізге кез келген жаста қажет", - деп атап өтті Н. Манасова.

Балаларды тәрбиелеудегі еңбегі, отбасылық дәстүрлерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін және Аналар күнін мерекелеуге байланысты аудан әкімі орынбасарының алғыс хатымен 16 әйел марапатталды. Олардың арасында "Алтын алқа"медалімен марапатталған көпбалалы аналар да бар.

Сонымен қатар, "Үміт – 2050" қоғамдық қорының Алғыс хатымен аудан орталығының түрлі мекемелерінің басшылары, ең бастысы аналары марапатталды.

Аналарымызға керемет көңіл-күйді аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сыйлады.