Қоғамдық медиатор және отбасылық кеңес кабинетінің ашылуы

Қоғамдық медиатор және отбасылық кеңес кабинетінің ашылуы

19 шілде күні Жастар ресурстық орталығы жанынан қоғамдық медиатор және отбасылық кеңес беру кабинетінің ашылуы өтті.

Медиаторлар мен психологтар халыққа түрлі сипаттағы өзара қарым-қатынастарда туындауы немесе туындауы мүмкін өмірлік, психологиялық проблемаларды шешуде пәрменді көмек көрсетеді. Екі тараптың мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі; дауды жария ету тәуекелін барынша азайтады, сондай-ақ тараптардың ресурстарын (уақытты, ақшаны) үнемдейді.

Медиаторлар мен психологтардың жұмысы азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастар жөніндегі, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер жөніндегі дауларда маңызды рөл атқарады, сол арқылы сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтады.

Ауданда 13 қоғамдық медиатор және 2 кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырады. Әрбір ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында ақпараттық стенд орналасқан, онда кез келген адам осы округ медиаторларының жұмысына қатысты ақпаратпен таныса алады, Май ауылдық округінде медиатор кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ 36293 телефоны бойынша хабарласуға болады.