Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қадірлі полиция қызметкерлері, сала ардагерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.

Өздеріңізге белгілі, қазіргі сәтте еліміз күрделі жағдайды бастан өткеруде. Дәл осындай сын сағатта тұрғындардың денсаулығын ойлап, алдыңғы шепте аянбай қызмет етіп, ауыр инфекцияның енуіне тосқауыл болуда Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз, қосқан үлестеріңіз зор. Тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!

Аудан әкімі  Қ. Мыржақыпов