Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметкерлері және сала ардагерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш.

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, пандемиямен күресте алдыңғы шепте мемлекеттік қызметшілер де жанкешті еңбек етіп келеді. Тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін белгіленген шектеулер мен талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың орындалуын жүзеге асыру үшін тынымсыз жұмыстар жүргізуде. Елдің амандығы үшін жасап жатқан қалтқысыз қызметтеріңізге алғысымды білдіремін.

Ауданымыздың өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақ-береке тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Аудан әкімі  Қ. Мыржақыпов