Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 13 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 27 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 13, Рудный қ. - 5, Қостанай ауданында – 3, Жангелді ауданында – 2, Арқалық қ., Алтынсарин, Әулиекөл және Федоров аудандарында 1-ден. 

19 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 23 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 мамыр аралығында COVID-19-дың  15068 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 14467.