Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 мамырда Қостанай облысында COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,16 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. - 11, Рудный жәнеАрқалық қалаларында 3-ден, Жітіқара қ. және Қарабалық аудандарында 2-ден, Алтынсарин, Мендықара, Қостанай және Федоров аудандарында 1-ден. 

20 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 22 адамда ауру белгілері болды, 3 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 11 мамыр аралығында COVID-19-дың  15015 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 14415.