Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 28 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. -15, Рудный қ. -4, Қостанай ауданы-2, Лисаковск қ, Денисов, Меңдіқара және Б.Майлина аудандарында 1-ден.

21 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 4 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 28 сәуір аралығында COVID-19-дың  14683 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 14185.