Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 27 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,17 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ. -12, Рудный қ. -4, Лисаковск және Арқалық қалаларында 2-ден, Әулиекөл, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара және Б.Майлина аудандарында 1-ден.

19 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 19 адамда ауру белгілері болды, 6 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 27 сәуір аралығында COVID-19-дың  14658 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 14168.