Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!

  Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.

Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтуіміз ерекше маңызға ие.  Елімізде бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ауданымыздағы тұрғындарының даму тарихы, шаруашылық, экономикалық-әлеуметтік жағынан өсіп өркендеуі, бір үйдің баласындай татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге. Бүгінде әрбір азамат этностық немесе діни тиесілілігіне қарамастан, ҚР Конституциясы кепілдік беретін өзінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде пайдалана алады. Елде этностық өзіндік ерекшелікті, мәдениетті, тілді, дәстүрді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

«Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар.  

Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!

Қасиетті Рамазан айымен қатар келген мерейлі мерекеде шын жүректен баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!

Аудан әкімі  Қ.Мыржақыпов