"Ауыл — Ел бесігі" бағдарламасы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы өз жұмысын бастады. Мемлекеттен қосымша қаржы бөлу арқасында ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жоспарлануда. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілерді салу, жұмыс орындарын құру-осының барлығы осы бағдарламаны іске асыруды көздейді.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады. 2021 жылға Набережная, Е.Омаров және Совхозная көшелері бойынша Әйет ауылының жолдарын орташа жөндеу жоспарланған, жобаларды іске асыру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 94,264 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді. Жолдарды орташа жөндеуді орындауға шарт жасалды.
Жыл ішінде қаражат жаңа жобаларды іске асыруға ұлғайтылады.
«Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ