Рамазан – көптен күткен берекелі рухани кемелдік айы

Рамазан – көптен  күткен берекелі рухани кемелдік айы

Рамазан айы жақындап келеді. Бұл мұсылмандар үшін ерекше, қасиетті ай, оны бүкіл әлем мұсылмандары күтеді. Мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар мен кездесулер өтеді. Осындай іс-шаралардың бірі, ол "Қош келдің Рамазан!"12 сәуір күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті. Кездесу барысында аудан әкімі Рудный және Лисаков қалаларының имамдарын, және  аудан мешітінің белсенді жанашыр азаматын алғыс хаттарымен марапаттады. Кездесу барысында, алдағы қасиетті ораза қарсаңында, мереке қонақтары "Жарқын Рамазан айы"тақырыбында уағыздар айтты. Олар құтты айдың мағынасын түсіндірді. Мерекелік іс-шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты.