Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 10 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 33 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,23 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қ.-18, Рудный қ. -8, Қостанай ауданында -4, Арқалық қ., Қарасу және Меңдіқара аудандарында 1-ден..

26 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 5 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай   профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 29 адамда ауру белгілері болды, 4 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 10 сәуір аралығында COVID-19-дың  14161 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12446.