Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 09 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 32 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,23 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 16 тұрғыны, Рудный қ. -6, Лисаковск  қ., Арқалық қ. және Қостанай ауданында 2-ден, Қамысты, Қарабалық, Ұзынкөл және Федоров аудандарында 1-ден.

23 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 26 адамда ауру белгілері болды, 6 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 09 сәуір аралығында COVID-19-дың  14128 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12446.