Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 11 сәуірде Қостанай облысында COVID-19-дың 31 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,22 % құрады.

 Ауырғандар: Қостанай қаласы-17, Рудный қ. -6, Қостанай және Меңдіқара аудандарында 2-ден, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық аудандарында және Арқалық қ. 1-ден.

 22 адам өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 8 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай  профилактикалық мақсатта тексерілді.

 Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 7 адам – белгілерсіз.

 Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 11 сәуір аралығында COVID-19-дың  14192 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 12446.