Еңбек адамдары

Еңбек адамдары

26. 02. 2021 жылы Бейімбет Майлин ауданының архивінде Алғыс айту күніне арналған "Еңбек адамдары" тақырыптық - экспозициялық көрмесі өткізілді.

Бейімбет Майлин ауданы (бұрынғы Таран ауданы) ауданның дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан тамаша адамдарға бай. Жерлестеріміздің еңбегінің арқасында ауданның қазіргі табыстарының іргетасы қаланды. Көп жағдайда олардың беделінің, дана кеңесінің арқасында көпұлтты қоғамымызда бірлік пен келісімді, бейбітшілікті, достық пен тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік туды.