Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 24 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 67 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,5 % құрады.

Ауырғандар: Қостанай қаласының 32 тұрғыны, Рудный қ. - 8, Алтынсарин ауданы және Лисаковск қ. 2-ден, Денисов ауданы және Арқалық қ 1-ден, Жангелді және Б.Майлина аудандарында 3-ден, Жітіқара және Сарыкөл аудандарында 5 жағдай.

54 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 9 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 4 жағдай  профилактикалық мақсатта тексерілді.

Індет жұқтырғандардың ішінде 51 адамда ауру белгілері болды, 16 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 24 ақпан аралығында COVID-19-дың  12120 жағдайы  тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 10663.