15 ақпан – елден тыс жерде соғысқан, әскери антына адал және жанқиярлықпен берілген, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгілерін көрсеткен барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні.
Осы сұрапыл соғысты еске алу мақсатында 2020 жылы Әйет ауылының аумағында "Варваринское" АҚ демеушілік қаражаты есебінен Жастар саябағында "Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеген жауынгерлерге"естелік тасы орнатылды.
Еске алу тасы бүгінгі және болашақ ұрпаққа Отанға қызмет етуде өз өмірлерін қиған ержүрек сарбаздар мен офицерлердің интернационалдық ерлігін тарихи жадына бекітуге көмектеседі.
Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол жауынгерлер бүгінде бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып журген ауғандық ардагерлерлі қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз.