Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.
Бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
- бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
- құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
- тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
- асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
- тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларының бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған кезде, ветеринариялық паспортқа және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы дерек қорға ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтірді енгізе отырып берілген жеке нөмірлері сақталады.
Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында ресімделеді.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берген кезде, ветеринариялық паспорт нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің төрт символы көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа топтың (отардың) әрбір ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық дауалау және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.
Ірі ауыл шаруашылығы жануарлар шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.
Ұсақ ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Ұсақ ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарында бар жеке нөмірді өзгертпей ветеринариялық паспорт ресімделеді.
Тиісті мәліметтер дерек қорға енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.
"ҚР АШМ ВБжҚК Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" ММ басшысы
А. М. Досмухамбетова