Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2020 жылғы 28 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 85 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 1,7% құрады.

Сырқаттанып қалған: Қостанай қ. 42 адам, Рудный қ. – 19, Жітіқара ауданында – 10, Лисаковск қ. –  6, Қостанай ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 2, Қамысты ауданында - 2, Сарыкөл ауданында – 1, Б.Майлин ауданында – 1.

62 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекция расталған жағдайлармен байланыста болды, 4 адам профилактикалық мақсатта (әкелінген жағдайлар), 3 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (аурухаға жоспарлы жатқызудың алдында) тексеріп анықталды.

Індет жұқтырғандардың ішінде 57 адамда ауру белгілері болды, 28 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 28 қараша аралығында COVID-19-дың  5213 жағдайы  тіркелді, 3860 адам емделіп шықты.