Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған консультациялық іс-шара

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған консультациялық іс-шара

2026 жылғы 19 тамызда  аудан әкімдігінің үлкен залында  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілері үшін консультациялық іс-шара өтті. 

Қатысушылар алдында сөз сөйледі: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қостанай облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларын ілгерілету жөніндегі бас менеджері - Карабасова Меруэрт Канатовна, Аграрлық кредиттік корпорация АҚ ҚҚ Кредиттеу бөлімінің бас маманы - Мушанов Габит,  Қазақстан Халық банкі АҚ КОФ шағын бизнесті несиелендіру орталығының менеджері - Саенко Сергей, Қостанай қаласындағы Нұрбанк АҚ ШОБ клиенттермен жұмыс бөлімінің кредиттік менеджері - Жақсылық Самұрат,  Қостанай қаласындағы Нұрбанк АҚ ШОБ клиенттермен жұмыс бөлімінің кредиттік менеджері - Тулегенова Камила.                       
           Іс-шара кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы хабардар ету және тікелей жергілікті жерлерде консультациялар өткізу үшін өткізілді.