Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын, халқымыздың бірлігі мен татулығын, еліміздің тұрақтылығы мен қарқынды дамуын айшықтайтын айтулы мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – еліміздің әкімшілік және саяси орталығы ғана емес, сонымен қатар ауқымды реформалар мен оң өзгерістердің, тұрақты дамудың және жасампаз еңбектің жарқын көрінісі. Бас қаланың жетістіктері – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және әрбір адамның өмір сүруі мен өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.

Биылғы мерекенің маңызын 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияның күшіне енуі одан әрі айқындай түседі. Жаңартылған Ата Заң құқық үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік, жауапкершілік және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын нығайтып, мемлекеттің одан әрі дамуының жаңа бағдарын белгілейді. Бұл – қоғамдық келісім мен орнықты дамуға негізделген қуатты әрі заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.

Бүгінде еліміз бен ауданымыздың одан әрі өркендеуі әрқайсымыздың адал еңбегімізге, азаматтық жауапкершілігімізге, заңға деген құрметімізге және қоғам өміріне белсенді қатысуымызға тікелей байланысты. Бұл ретте жастарға үлкен үміт артылады. Өйткені елдің ертеңі – білімді, бастамашыл әрі отаншыл жас ұрпақтың қолында.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел бірлігі мен тұрақтылық тілеймін. Астана күні жаңа жетістіктерге жетелеп, туған еліміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған игі істерге шабыт бере берсін!

 

Аудан әкімі                                                                               Қ. Мыржақыпов