Астана – елдіктің асқақ тұғыры!

Астана – елдіктің асқақ тұғыры!

3 шілде күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Астана күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Мереке Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыповтың құттықтау сөзімен басталды.

Іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне қатысушылар мен жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау болды. Аудан әкімінің Алғыс хаттарымен Майер, Филькиных, Бабарыко және Бойко отбасылары марапатталды. Ал Горбенко және Сыздықовтар отбасылары аудандық кезеңнің жеңімпаздары атанып, облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болды.

Сондай-ақ республикалық олимпиадалардың, зияткерлік байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанған, ауданымыздың абыройын асқақтатқан дарынды оқушылар марапатталды.

Мерекелік көңіл күйді ауданның үздік шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен өткен жарқын концерт жалғастырды. Астанаға, Қазақстанға, достық пен халық бірлігіне арналған әндер мен билер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.