
2 шілде күні Тобыл кентіндегі «Ұлт рухы» аллеясында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мереке қатысушыларын Тобыл кенті әкімінің орынбасары Байбол Хасенов құттықтап, барша тұрғындарға амандық, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.
Мерекелік кештің сәнін аудандық өнер мектебінің тәрбиеленушілері, аудандық мәдениет үйі мен «Думан» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары келтірді. Өнерпаздардың орындауында халқымыздың бай мәдени мұрасын, туған жердің көркемдігін және Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер мен музыкалық шығармалар шырқалды.
Бұл мереке ұлттық дәстүрлерді сақтау, тарихымызды құрметтеу және халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.