Құрметті мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкерлер күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен халық алдындағы жауапкершілік, азаматтардың үнін естіп, оларға қолдау көрсету, маңызды шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізу. Сіздердің біліктіліктеріңізге, бастамашылдықтарыңызға және адал еңбектеріңізге халықтың өмір сүру сапасы мен мемлекеттік институттардың тиімді қызметі тікелей байланысты.

Аудандық деңгейдегі қызметтің маңызы ерекше. Сіздер күн сайын тұрғындардың өтініштерін қарап, өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, халықтың игілігі үшін маңызды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосып келесіздер.

Мемлекеттік қызмет ардагерлеріне ерекше құрмет пен шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсіби жолдарыңыз, жинақтаған мол тәжірибелеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына берік негіз қалап, жас мамандар үшін өнеге болып табылады.

Бүгінде мемлекеттік қызмет заман талабына сай жаңарып, қоғамның сұраныстары мен сын-қатерлеріне жауап беруде. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және дамуға деген ұмтылыстарыңыз азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттердің табысты орындалуына ықпал ете беретініне сенімдімін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен мемлекет пен қоғам игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

 

Аудан әкімі                                                                               Қ. Мыржақыпов