Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер таңдаған мамандық терең білімді, жоғары жауапкершілікті және күн сайын түрлі күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуді талап етеді. Әрбір азаматтың өтініші мен шақыртуының артында адамның тағдыры, оның қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы тұр. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие.

Бүгінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл қызмет табандылықты, кәсібилікті, адалдық пен қызметтік борышқа беріктікті талап етеді.

Ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз, мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен абыройлы еңбек жолдарыңыз қызметтің озық дәстүрлерін сақтауға және жас буын қызметкерлерге үлгі болуға негіз болып келеді.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға тыныштық пен татулық, қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер және бар жақсылықты тілеймін. Әрдайым жандарыңыздан сенімді әріптестер табылып, жақындарыңыздың қолдауы мен қоғамның лайықты құрметіне бөлене беріңіздер!

 

Аудан әкімі                                                                               Қ. Мыржақыпов