
17 маусым күні аудандық мәдениет үйінде Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – ер азаматтың отбасындағы, бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін айқындап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше күн.
Шара барысында қатысушыларды «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ольга Александровна Нұрғалиева құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің еңбегі, жауапкершілігі мен өнегелі үлгісінің маңыздылығына тоқталды.
Мереке аясында аудан әкімінің орынбасарының Алғыс хаттарымен еңбегімен, белсенді өмірлік ұстанымымен және отбасына деген қамқорлығымен көпшілікке үлгі болып жүрген ардақты әкелер марапатталды.
Мерекелік көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарламада аудан өнерпаздары әкеге, отбасыға және отбасылық құндылықтарға арналған әндерін орындады. Көрермендерге Марк Забелин, Асан Әнуарбек, Танатқан Жүрсін және Дариға Айсағалиева өз өнерлерін тарту етті.