Жанымыздың жыр-сазы: Бейімбет Майлин ауданында Домбыра күніне арналған айлық басталды! ​Бүгін, 5 маусымда Әйет ауылының «Батыр арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекше шығармашылық пен музыкалық атмосфера орнады.

Жанымыздың жыр-сазы: Бейімбет Майлин ауданында Домбыра күніне арналған айлық басталды! ​Бүгін, 5 маусымда Әйет ауылының «Батыр арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерекше шығармашылық пен музыкалық атмосфера орнады.

Бұнда Ұлттық домбыра күніне орайластырылған мерекелік айлықтың ресми ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Нұғманова қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, домбыраның халқымыздың мәдени кодын, ұлттық құндылықтары мен мұрасын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
​Бұл ауқымды шара облыстық акцияның аясында ұйымдастырылып, дәстүрлі өнердің 50-ге жуық шын жанашырының басын қосты. Халық театрының әртістері қасиетті қара домбыраға және оның терең мән-мағынасына арналған әсерлі шағын қойылым ұсынып, мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал жас таланты домбырашылардың орындауындағы жеті күй тыңдарман қауымды ерекше күйге бөлеп, кештің нағыз музыкалық тартуына айналды. Сондай-ақ «Даймондс» үлгілі би ұжымы өздерінің тамаша хореографиялық нөмірлерін тарту етіп, іс-шараға ерекше серпін мен мерекелік реңк сыйлады.
​Домбыра — тек музыкалық аспап қана емес, бұл қазақ халқының жаны, тарихы мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі. Мерекелік айлықтың негізі қаланды, алда аудан тұрғындарын әлі де көптеген жарқын мәдени іс-шаралар күтуде!