
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен — мейірім мен қуанышқа, бақытты балалық шаққа толы жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке дәстүр бойынша көптен күткен жаз мезгілінің басталуымен тұспа-тұс келіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа әсерлер мен қызықты демалыс сыйлайды. Балалық шақ — арманға, шынайы күлкіге және жарқын үмітке толы ерекше кезең.
Балалар — біздің мақтанышымыз, болашағымыз және басты байлығымыз. Сондықтан әрбір баланың сапалы білім алып, спортпен, шығармашылықпен айналысып, өз қабілетін дамытуына және арманына сеніммен қадам басуына барлық жағдай жасау — басты міндеттердің бірі.
Балалардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, оларға қамқорлық пен мейірім сыйлап жүрген ата-аналарға, ұстаздарға және барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.
Қымбатты балалар! Әр күндеріңіз қуанышқа, жақсы әсерлерге және жарқын сәттерге толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, адал достар, биік мақсаттар мен асқақ армандар тілеймін. Жазғы демалыс көңілді өтіп, ұмытылмас естеліктер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов