
Кездесудің басты оқиғасы салтанатты марапаттау рәсімі болды. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ибраев қонақтарға жылы лебізін білдіріп, аналарға даналығы мен жан жомарттығы үшін алғыс айтты.
Бала тәрбиесіне қосқан зор үлесі, отбасылық құндылықтарды сақтағаны және аудан өміріне белсене араласқаны үшін аналар Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар — осы құрметті атқа ие болған әрбір әйел затына деген шексіз ризашылықтың бір парасы ғана.
Көктем мен нәзіктікке толы атмосфераны Мәдениет үйінің қызметкерлері одан ары жандандыра түсті. Шығармашылық ұжым арнайы бағдарлама дайындап, сахна төрінен жүрекжарды әндер мен ізгі тілектер төгілді.
Бұл күн жақындарымызды қадірлеудің және бізді әрқашан күтіп жүретін жандарға «рақмет» айтудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.