3 сәуір күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі нағыз өнер ордасына айналды. Мұнда «Алтын микрофон – 2026» XXII Халықаралық вокалистер конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

3 сәуір күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі нағыз өнер ордасына айналды. Мұнда «Алтын микрофон – 2026» XXII Халықаралық вокалистер конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

​Сахна төрінде Рудный, Лисаковск қалаларынан, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарынан және, әрине, Бейімбет Майлин ауданынан келген 7 мен 23 жас аралығындағы 27 мықты вокалист бақ сынасты.
Дүбірлі дода екі кезеңнен тұрды. Қатысушылардың шеберлігін кәсіби қазылар алқасы бағалады. Өнерпаздарға қолдау білдіріп, мерекемен құттықтаған құрметті қонақтар: ​Қуаныш Жаркенов — Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы орталығының» көркемдік жетекшісі және Жанат Нұғманова — аудандық мәдениет бөлімінің басшысы.
Ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болған жерлестерімізді мақтан тұтамыз:
Дилара Мулдашева (Әйет ауылы) — 14–17 жас тобында 1-орын.
​Набиев Ахмад (Тобыл кенті) — 7–10 жас тобында 2-орын.
​ Алёна Шпак (Береговое ауылы) — 18–23 жас тобында 3-орын.
​ Енді жеңімпаздарымыз 2026 жылдың мамыр айында өтетін облыстық іріктеу кезеңінде бақ сынайды.