22 наурыз күні орталық алаңда «Наурыз – көктем, жыр-думан» атты кең ауқымды, әсерлі мерекелік шара өтті 🌷

22 наурыз күні орталық алаңда «Наурыз – көктем, жыр-думан» атты кең ауқымды, әсерлі мерекелік шара өтті 🌷

Аудан тұрғындары мен қонақтары халықтық дәстүрлерге толы, театрландырылған қойылым мен мазмұнды концерттік бағдарламаның атмосферасына бөленді.

Аудан әкімі Қайсар Мұражақыпов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, баршаға бейбітшілік, береке мен молшылық тіледі. Шара барысында ауданның бірқатар азаматтары марапатталып, бірнеше отбасыға жаңа баспананың кілттері табысталды. Бұл күн олар үшін ерекше қуанышқа толы болды.

Мерекелік бағдарлама аластау рәсімімен басталған театрландырылған прологпен жалғасты. Көрермендер назарына қазақтың тарихы мен аңыз кейіпкерлерінен құралған көркем шеру ұсынылды: батырлар мен нөкерлер, аңшылар мен бүркітшілер, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Алдар көсе, Тазша бала, Қаңбақ шал, палуандар, билер, Асан қайғы, сал-серілер, сондай-ақ Қыдыр Ата, Айсұлу және Күнсұлу.

Қонақтарға дәстүрлі наурыз көже мен шашу ұсынылып, күй мен халық әндері шырқалды. Мерекелік бағдарлама ауданның шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты.