Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл Ораза айт Наурыз мейрамы күндерімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мерекелердің қатар келуі бұл күндерге ерекше мағына беріп, рухани тазару, мейірімділік пен ізгі бастамаларды ұштастырады.
Ораза айт – адамгершілік, мейірім, жомарттық, бір-бірімізге құрмет көрсету және жақындарымызға қамқор болу сияқты асыл құндылықтарды еске салатын мейрам. Ал Наурыз – жаңару мен жаңа бастамалардың, үміт пен игі ниеттердің мерекесі.
Осы жарқын мерекелік күндер әр шаңыраққа қуаныш, береке мен тыныштық әкелсін! Жүректеріңізге жылу, татулық пен сенім ұялатсын!