Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 6 наурыз күні Әйет ауылының аудандық мәдениет үйінде «Көктем. Сұлулық. Әлем.» атты мерекелік концерт өтті.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 6 наурыз күні Әйет ауылының аудандық мәдениет үйінде «Көктем. Сұлулық. Әлем.» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Қайсар Мұржақыпов ауданның барлық әйелдерін көктем мерекесімен құттықтап, аналарға, еңбекқор нәзік жандыларға қоғамның дамуына қосып жүрген үлестері, отбасы құндылықтарын сақтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.
Іс-шара барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен түрлі салада жетістікке жетіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді әйелдер марапатталды.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт жалғасып, көрермендерге әсем әндер мен жарқын өнер көрсетіліп, көктемнің шуақты көңіл күйі сыйланды.
Мерекелік бағдарлама әйелдердің даналығы мен мейірімі, еңбегі мен өмірге деген шабытын тағы бір мәрте дәріптеген тағылымды кеш болды.