
Аталған шараға Бейімбет Майлин ауданынан «Экзерсис» халықтық би ұжымының жетекшісі Наталья Викторовна Маркова және аудандық Мәдениет үйінің хореографы Диана Абжанова қатысты.
Шеберлік сабағы барысында Наталья Викторовна Марковаға Қостанай облысында хореография өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды. Бұл – оның кәсіби шеберлігі мен шығармашылық еңбегіне берілген жоғары баға.