
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – рухани тазару мен жаңару айы. Бұл ай адамзатты сабыр мен шүкіршілікке, кешірім мен мейірімге, жанашырлық пен қамқорлыққа үндейді. Әрбір мұсылман үшін Рамазан – өз-өзіне есеп беріп, жүрекке үңіліп, ізгі амалдарды арттыратын ерекше кезең. Осындай қасиетті уақытта қоғамдағы татулық пен бірліктің, өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызы арта түседі.
Ауданымызда да бұл ай қайырымдылық шараларымен, игі бастамалармен, мұқтаж жандарға қолдау көрсетумен ерекшеленетініне сенімдімін. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр болу – баршамызға ортақ міндет. Ынтымағы жарасқан елдің ырысы артып, берекесі молаяды.
Құрметті жерлестер!
Қасиетті ай әр шаңыраққа амандық пен шаттық әкелсін! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай. Жүректеріңізге иман нұры ұялап, отбасыларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін.
Алла тағала барша игі ниеттеріңізді қабыл етіп, Рамазан айының сауабы мен шапағатына бөлесін!