Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бізді игі өзгерістерге деген үмітпен, жаңа мүмкіндіктерге деген сеніммен және жарқын болашаққа деген үмітпен біріктіреді. Өтіп бара жатқан жылды шығарып салып, оның қорытындыларын ризашылықпен атап өтіп, алдағы күндерге сеніммен қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін жүйелі әрі нәтижелі еңбектің кезеңі болды. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты қызметі қамтамасыз етіліп, ірі инвестициялық жобаларға бастау берілді. Әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасын тапты — бұл өзгерістер тұрғындар күнделікті өмірінде нақты сезінетін маңызды салалар.

Қол жеткізілген барлық нәтижелер — аудан тұрғындарының, еңбек ұжымдарының, кәсіпкерлер мен түрлі сала мамандарының бірлескен еңбегінің жемісі. Ауданымыздың дамуына қосқан еңбектеріңіз, белсенділіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.

Қадірлі жерлестер!

Келе жатқан Жаңа жыл әр шаңыраққа тыныштық, жылулық пен молшылық әкелсін. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, тұрақтылық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін. Ең ізгі тілектер орындалып, жаңа мүмкіндіктер ашылып, барлық бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын.

Келе жатқан 2026 Жаңа жыл құтты болсын!

 

Аудан әкімі                                                                          Қ. Мыржақыпов