Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті

Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті

Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары филиалдарының директорларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, сала өкілдерінің еңбегін бағалауға арналды.

 

Салтанатты рәсім барысында ХҚКО филиалдарының директорлары жоғары кәсібилігі, тиімді басқаруы және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Сонымен қатар, ХҚКО жүйесінің ардагерлері де назардан тыс қалмады. Жүйенің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагер қызметкерлердің көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізуге қосқан үлесі жоғары бағаланды.Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтер саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандарға құрмет көрсетудің және тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.