
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен
шын жүректен құттықтаймын!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты жетістігі әрі мемлекетіміздің берік негізі. Егемендіктің арқасында Қазақстан саяси жаңғырту, әлеуметтік-экономикалық даму және ұлттық құндылықтарды нығайту бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Биыл Тәуелсіздік алғанымызға отыз төрт жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз тұрақты, заманауи және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптасты. Экономика мен әлеуметтік салада айтарлықтай табыстарға жеттік, халықаралық аренада беделіміз нығайды. Бұл жетістіктер – ел басшылығының дұрыс бағыты мен халқымыздың бірлігінің нәтижесі.
Ауданымыздың тұрғындары да ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, азаматтық белсенділіктеріңіз және туған жерге деген адалдықтарыңыз Қазақстанның өркендеуіне және Тәуелсіздігіміздің нығаюына зор ықпал етеді.
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздік күні – халқымыздың бірлігін, бейбітшілік пен жасампаздыққа деген ұмтылысын айқындайтын маңызды мереке. Бұл күн болашағымызға деген сенімді нығайтып, жаңа жетістіктерге жігер берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, отбасыңызға бақ-береке және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін! Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов