Бейімбет Майлин ауданында кезекті ауыл шаруашылығы жылының аяқталуына арналған салтанатты шара өтті. Бұл – егін алқаптары мен фермалардағы еңбектің нәтижесін қорытындылайтын, бір жыл бойы аянбай еңбек еткен сала мамандарын ұлықтайтын маңызды мереке.

Бейімбет Майлин ауданында кезекті ауыл шаруашылығы жылының аяқталуына арналған салтанатты шара өтті. Бұл – егін алқаптары мен фермалардағы еңбектің нәтижесін қорытындылайтын, бір жыл бойы аянбай еңбек еткен сала мамандарын ұлықтайтын маңызды мереке.

5 желтоқсан күні Аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, аграрлық кәсіпорындардың басшылары мен мамандарына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке – ауданымыздың ең үздік аграрийлері мен қайта өңдеу саласы қызметкерлерін, ауыл шаруашылығы мекемелерінің мамандарын бір арнаға тоғыстырған айтулы күн.

Мәдениет үйінің фойесінде ауылдық округтердің жетістіктерін таныстырған арнайы көрме қойылды.

Ауыл шаруашылығы жылының қорытындыларын аудан әкімінің орынбасары Қазыбек Төлендинов өз баяндамасында жеткізді.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жүрекжарды құттықтауын айтып, олардың елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына қосқан үлестеріне ризашылығын білдірді.

Саладағы бірқатар қызметкерлер облыс және аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ аудан аграрийлеріне Қостанай облысы әкімдігіне қарасты «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» басшысының орынбасары Нұрсұлтан Шаймұханов құттықтауын жеткізді.

Зерделі мерекеге орай мәдениет қызметкерлері тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.