5 желтоқсан күні Тобыл кентіндегі спорт кешенінде Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жүлделері үшін жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан жыл сайынғы республикалық турнир өтті.

5 желтоқсан күні Тобыл кентіндегі спорт кешенінде Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жүлделері үшін жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан жыл сайынғы республикалық турнир өтті.

Жарысқа еліміздің түрлі қалалары мен облыстарынан, сондай-ақ Қостанай облысының аудандарынан келген 18 команда қатысты. Турнирдің құрметті қонақтары — Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласынан келген команда болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қайсар Мұржақұпов қатысып, спортшыларға табысты өнер көрсетіп, әділ күрес тілектестігін білдірді. Жас спортшылардың жаттықтырушыларына аудан әкімінің грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ашылу рәсімінің мәдени бағдарламасын Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі мен Тобыл кентінің «Думан» Мәдениет үйі ұйымдастырды. Шара барысында «Даймондс» үлгілі би ансамблі, сондай-ақ мәдениет үйінің солистері — Асан Әнуарбек пен Танатқан Жүрсін өнер көрсетті.